Ескекші Инна Клинова әлем кубогі кезеңінің жартылай финалына шықты

613

Венгрияның Сегед аймағында байдарка мен каноэ есуден әлем кубогінің кезеңі басталды.  

Ескекші Инна Клинова әлем кубогі кезеңінің жартылай финалына шықты

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық Инна Клинова жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

200 м қашықтықта іріктеу кезеңінде қазақстандық ескекші үшінші орыннан көрінді. Тиісінше, іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша әлем кубогі кезеңінің келесі айналымына шықты. 

Мәреге бірінші болып швед спортшысы Моа Викберг жетсе, венгриялық Анной Луц екінші орыннан көрінді. 

Жартылай финалдық жарыс ертең, 26 қыркүйекте өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу