Ескендір Хасанғалиев өмірден озды

2741

Әйгілі әншi, композитор, Қазақ КСР-нің Халық артисі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының, "Құрмет", "Отан" ордендерінің иегері Ескендір Хасанғалиев өмірден озды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Ескендір Хасанғалиев өмірден озды

Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын", - деп жазды Мәдениет министрінің орынбасары.

Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. 1959 жылы Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хор фaкультетiн, 1978 жылы Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бітірді. Өмірін өнерге арнаған Хасанғалиевтің "Атамекен", "Әдемі", "Асыл арман", "Өмірімнің жазы", "Ескірмеген махаббат" әндерін білмейтін қазақ жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу