Ескендір шығанағында 4,5 балдық жер сілкінісі болды

730

Зілзала Хатай қаласы мен оның төңірегінде де сезілген. 

Ескендір шығанағында 4,5 балдық жер сілкінісі болды Фото: google

Түркияның Ескендір шығанағында түнгі сағат 23:49-да 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Түркияның апат және төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Жер сілкінісі теңіз бетінен 5,39 шақырым тереңдікте болды.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Юнус Сезер "Жер сілкінісінен кейін қандай да бір келеңсіз жағдай тіркелмеді. Біздің топ барынша мұқият болуға тырысуда, -  деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу