7 ақпан Алматы тауларында қалың тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстiк-бастыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 15-20 метрге жетпек. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті қар мен көктайғақ кезінде көліктің жүрісі нашарлап, жүргізуші көлікке ие бола алмай, жаяу жүргіншілерді қағып кетуі мүмкін екенін еске салды. Осыған орай, Алматы қалалық ТЖД мынадай мәлімдемесін жария етті:
- көшелерден тек жол қозғалысы ережесімен белгіленген орындардан ғана өту керек;
- жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т.б.) алаңдамаңыз;
- алдыңызға, аяқтың астына қарап жүріңіз;
- аяқ киімді дұрыс таңдау аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар, тайғанамайтын материалдан жасалған, тегіс табанды болуы тиіс;
- қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, бұл мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
- есіңізде болсын, тротуарлар, көлік аялдамалары, дүкендерге кіреберістегі баспалдақтар, тіпті үйдің кіреберісінен де адамдар жиі құлап, жарақаттануы мүмкін.