"Ескерту жасаған": Астанада кинотеатрға келушілер төбелесті

223

Бұзақылар бас бостандығынан шектелді. 

"Ескерту жасаған": Астанада кинотеатрға келушілер төбелесті Фото: телеспутник

Астанада кинотеатрға келушілерді ұрып-соққан бұзақылар 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кинотеатрда екі адам өтуге арналмаған орындықты басып өтіп, қасында отырған келушілерды соққыға жыққан. 

"Нәтижесінде екі бұзақы қоғамдық тәртіпті бұзып, кинотеатрдың екі келушісін ұрып-соққан. Сараптама қорытындысы бойынша жәбірленушілердің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген", – деп хабарлады Астана прокуратурасы.

Сот үкімі бойынша кінәлілер бұзақылық үшін әрқайсысы 2 жылға бас бостандығын шектелді. Оларға пробациялық бақылау белгіленіп, жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Олардан әрбір жәбірленушінің пайдасына 2 миллион теңге шамасында материалдық және моральдық залал өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу