Бұған дейін бірқатар контент авторлары табысын толық көрсетпей келгені анықталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті 2022–2023 жылдардағы мәліметтерді талдау барысында 854 блогердің табысын жалпы сомасы 71,9 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткенін анықтаған. Осыған байланысты оларға 1586 хабарлама жолданған.
Нәтижесінде ескерту алған инфлюенсерлердің басым бөлігі қосымша декларациялар тапсырып, нақты табысын көрсете бастаған. Комитет мәліметінше, қазіргі таңда 622 блогер 18 млрд 292 млн теңге көлеміндегі қосымша табысын заңдастырған. Бұл сомадан бюджетке 875,5 млн теңге салық төленген.
Мемлекеттік кірістер органдары салық заңнамасының сақталуын бақылау жұмыстары жалғасатынын атап өтті.