Ескі iPhone иелеріне ақшалай өтемақы төленеді

987

АҚШ-тың Apple компаниясы осындай шешім қабылдады. 

Ескі iPhone иелеріне ақшалай өтемақы төленеді

Корпорация iPhone-ның ескі модельдерінің иелеріне шамамен 500 миллион доллар көлемінде қаржы шығындамақ. Алпауыт компания өкілдерінің айтуларынша, қаражат жаңа бағдарлама, яғни  IOS енгізілгеннен кейін смартфондарының жылдамдығы баяулаған тұтынушыларға бөлінетін болады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

Осылайша тұтынушылар шамамен 25 доллардай алатын болды. Нақтырақ айтқанда, Iphone 6 және 7 модельдерінің иелеріне өтемақы беріледі. Бұл жайдан-жай қабылданып отырған шара емес. Бұған дейін қолданушылар IOS-ты жүктегеннен кейін,смартфонның жұмысы нашарлап, қосымшаларды жүктеу жылдамдығы бәсеңдеп кеткеніне шағымданып, компанияны сотқа берушілердің қатары көбейіп кеткен еді. Наразы тұтынушылар Apple корпорациясы әдейі істеп отыр деп айыптаған болатын. 

Еске сала кетсек, 2017 жылы компания ескі телефондардың кенеттен өшіп қалуының алдын алу үшін олардың жұмысын баялататынын мойындаған еді. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу