Ескі көлігін өткізгендерге 11,5 млрд теңге төленді

2441

121 477 автокөлік жоюға тапсырылған.

Ескі көлігін өткізгендерге 11,5 млрд теңге төленді

Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасына – 3 жыл. ӨКМ Операторы баспасөз қызметінің мәліметінше, осы аралықта қазақстандықтар 120 мыңнан астам ескі көлікті жоюға тапсырған.

"Екі бағдарлама (құнын төлеу және сертификат) бойынша 121 477 автокөлік жоюға тапсырылды. Тозығы жеткен көлігін өткізген қазақстандықтарға 11,5 млрд теңге қаражат төленді",– деп хабарлайды ӨКМ Операторы. 

Сертификат бағдарламасы бойынша 44 226 автокөлік қабылданған. Табысталған сертификаттың 38 528-ы отандық  өндірушіден 20 646 су жаңа автокөлік сатып алуға пайдаланылыпты.

Айта кетсек, ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы бойынша аймақтардан жиналған автокөліктер Қарағанды облысындағы зауытқа жеткізіледі. Істен шыққан көлік құралдары сол жерде қайта өңделеді. Қазіргі таңда зауыт іске қосылғаннан бері 102 мың көлікті қайта өңдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу