Ескі көлігін өткізгендерге 7 млрд теңгеге жуық қаражат төленді

938

Ескірген көліктер мен ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеуге тапсыру жөніндегі бағдарламаның аясында биыл 41 262 мыңнан астам ескі көлік қабылданып, оның иелеріне 7 млрд теңге көлемінде өтемақы төленген.  

Ескі көлігін өткізгендерге 7 млрд теңгеге жуық қаражат төленді

"Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы" ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, ескірген көліктерін тапсырған қазақстандықтарға 8 651 мың жеңілдік сертификаты берілген. "Жеңілдік сертификатының номиналы ауыл шаруашылығы техникасының түрі мен жиынтығына байланысты 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін бағаланды. Пилоттық жоба аясында 100 трактор мен 20 комбайн қабылданып, бағдарламаға бөлінген квота мерзімінен бұрын игерілді", – делінген баспасөз хабарламасында. 

Айта кету керек, биыл жеңіл автокөліктерге берілетін ақшалай төлем мөлшері ұлғайтылып, айлық есептік көрсеткішке сай төленген. Маусым айынан бастап жеңіл көлігін өткізгендерге 150 мың теңгенің орнына – 200 мың теңге (72 АЕК), жиынтығы толық емес көлік құралына 48 мыңнан 150 мың теңге көлемінде қаражат берілген.

Бағдарлама 2021 жылы да жалғасып, 45 мың жеңіл көлік пен 2380 ауыл шаруашылығы техникасын қабылдау жоспарланып отыр. Электронды кезек қаңтар айында ашылады.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу