Ескі көлік иелеріне 3,45 миллиард теңге төленді

638

Ескі көлік иелеріне 3,45 миллиард теңге төленді

Ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы барысында 3 млрд 45 млн теңге төленді. Яғни, осыншама қаражат көлік иелеріне берілген. Еліміз бойынша екі кезеңмен өткен бағдарлама кезінде 23 мың көлік тапсырылған. Олардың басым бөлігі ВАЗ, ГАЗ, Москвич маркадағы автомобильдер. Ең көне көлік ретінде 1946 жылы шығарылған Москвич тіркелген. Оны Семей қаласының тұрғыны өткізіпті. Сондай-ақ, 2014 жылы шығарылған 2 бірдей көлік те утилизациялауға жіберілген. Ал, ерекше маркаларға жататын автомобильдер қатарына таяуда ғана талдықорғандық азамат өткізген 1985 жылы шыққан спорттық "Porsche924" автокөлігін жатқызуға болады. Бағдарлама талабына сәйкес, раритет саналатын темір тұлпар иесіне 150 мың теңге төленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу