Ескі көлік тапсырудан рекорд жасады

1166

Биыл халық 50 мың ескі көлікті жоюға тапсырды. Агротехникадан басқасына бөлінген квота таусылып қалды. Жаңа жылда қайта беріледі деп күтіліп отыр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі ӨКМ Операторы баспасөз қызметіне сілтеп. 

Ескі көлік тапсырудан рекорд жасады

Бағдарлама аясында жеңіл автокөліктер 210 мың, жолаушы және жүк көліктері (санатына қарай) 420 мыңнан 630 мың теңгеге (126-216 АЕК) дейін бағаланады. Агротехниканы тапсырушыларға 560 мыңнан 2 миллион теңгенің жеңілдік сертификаты беріледі. Тапсырушыларға жиыны 13,7 млрд теңге қаражат төленген. 

"Аталған бағдарламаның нәтижесінде отандық  өндірушіден 29 853  су жаңа автокөлік сатып алынды", – деп жазылған ресми ақпарда.

Аймақтар бойынша көлік тапсырудың үздік бестігін Шымкент, Алматы, Тараз, Қарағанды, Павлодар қалалары бастап тұр. 

"Басым бөлігі жеңіл көлік, одан кейін жолаушы және жүк көліктері өткізді. Тапсырылған техниканың көпшілігі 70-90-жылдары шығарылған", – деп жазылған таратылған хабарда.

Еске салайық, 1 желтоқсаннан бастап жеңіл, жолаушы және жүк көліктерін қабылдау уақытша тоқтатылды. Себебі биылғы межелі квота толығымен игерілді. Ал ауылшаруашылығы техникасы электронды кезекке сәйкес жыл соңына дейін қабылданады. 

Ескі көліктерді қабылдауға қажетті квота бөлінгеннен кейін 2022 жылдың қаңтар айынан бағдарлама қайта іске қосылады деп күтіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу