Ескі көліктерге қатысты сүйінші жаңалық

2875

Жаңа құжатта бірқатар түзетулер қарастырылған.

Ескі көліктерге қатысты сүйінші жаңалық Фото: sportishka.com

Салықтар мен міндетті төлемдер саны 20 пайызға қысқарады. Бұл туралы бизнес өкілдеріне жаңа салық кодексінің жобасын таныстырған Ұлттық экономика вице -министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Оның сөзінше, жаңа құжатта бірқатар түзетулер қарастырылған.

Мысалы, зейнеткерлер табыс салығынан босатылады. Ал, қолөнершілерге жеке салық режимі қарастырылған.

Олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ қойса болады.

Сонымен қатар, ескі көліктердің салығы төмендейді. 10 жыл мінілген темір тұлпар үшін салық – 30 пайызға, 20 жылдықтардікі 50 пайызға азаяды.

Жаңа құжатта салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері де жетілдірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу