Қазақстанда ескі көліктерді сатып алу уақытша тоқтатылды, деп хабарланды "Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі Операторы" ЖШС баспасөз қызметі.
Компания бұл шараның тоқтауын ҚР энергетика министрлігінен 2017 жылға бөлінген қаржыны уақытынан бұрын игерумен байланыстырады
Қазіргі кезде министрлікке қосымша қаржы бөлуге келісім жасау жөнінде сұраным жіберген.
Дегенмен 26 маусымнан бастап тозығы жеткен көліктерді тапсырғандарға жаңа көлік сатып алуға жеңілдік сертификатын беру бағдарламасы жұмысын жалғастырып жатыр екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу