Ескі көліктерді жоюға өткізіп, жаңа көлік сатып алуға жеңілдік сертификатын беретін бағдарлама басталғаннан бері (2017 жылдың 26 маусым мен 18 шілде аралығында) ӨКМ операторы 119 жеңілдік сертификатын берді, деп хабарлайды egemen.kz.
Табысталған сертификаттың 26-сы отандық өндірушіден 16 су жаңа автокөлік сатып алуға пайдаланылған. Екі сертификатты қосу (315 000 теңге + 315 000 теңге = 630 000 теңге) арқылы 10 жаңа көлік сатып алынған.
Тозған көлікті өтікізіп, жеңілдік сертификатын алу бағдарламасы бойынша Павлодар қаласы алда тұр. Аталған қалада 43 көлік тапсырылған. Екінші орында 27 көлік өткізген Қостанай қаласы. Үздік үштікті 7 машина тапсырған Алматы қаласы түйіндеген. Жоюға тапсырылған көліктің 104 жеңіл, 17 жолаушылар және 1 жүк көлігі. Жеңілдік сертификаты бойынша өткізілген техникалардың шығарылған жылы 1980 – 1993 ж аралығын қамтиды.
Ескі көліктерді жоюға тапсырып, жаңа көлік сатып алуға жеңілдік беретін сертификат бағдарламасы 2017 жылдың 26 маусым айынан бастап іске қосылды. Бағдарлама талабы бойынша жеңіл көліктен бастап, жолаушылар және жүк машиналары қабылданады.
Бағдарлама бойынша екі сертификатты біріктіріп, кез келген санаттағы көлік құралын сатып алуға болады. Және де берілген сертификатты өзге тұлғаның атына екі реттен артық қайта тіркеуге болмайды. Сертификат берілген күннен бастап 12 айға жарамды. Бүгінгі таңда ӨКМ операторы тозығы жеткен көлік құралдарын сатып алу және сертификат беру бағдарламасы бойынша бас аяғы – 27 712 автокөлік қабылдады.