Ескі көлікті қабылдау кезексіз жүргізіледі

877

Ашық есік күні маусым айының соңына дейін жалғасады.

Ескі көлікті қабылдау кезексіз жүргізіледі

Тозығы жеткен көліктерді утилизациялау бағдарламасы бойынша еліміздегі қабылдау бекеттері әр сенбі сайын ашық есік күнін өткізеді, деп хабарлайды Елорда инфо. 

Көлік өткізу үшін auto.recycle.kz сайтына кіріп, кезекке тұру қажет. Бірақ сенбі сайын өтетін ашық есік күндерінде көлік тапсырушы азаматтар кезекке тұрмай-ақ, өз аймағындағы қабылдау бекеттеріне барып, көлігін өткізе алады. Ең бастысы көлік құралын есептен шығарып, тиісті құжаттарын апарса болғаны. Ал электронды жүйеде кезек алып қойғандар көлігін белгілеген уақытта да тапсыра береді.

"Ашық есік күні маусым айының соңына дейін жалғасады. Сонымен қатар мамыр айындағы мереке күндерінде де қабылдау бекеттері демалыссыз жұмыс істейді", – дейді "ӨКМ операторы" ЖШС өкілі Жомарт Рахымжан.

 Естеріңізге салайық,  жеңіл көліктерді ақшалай 150 мың теңгеге немесе жаңа көлік сатып алуға жеңілдік беретін 315 мың теңгенің сертификатына айырбастауға болады. Ал жүк көліктері жеңілдік сертификаты бойынша 550 мыңнан 750 мың теңгеге дейін қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу