Ескі көлікті қабылдау жалғасатын болды

816

Ескі көлікті қабылдау жалғасатын болды

Қазақстанда ескі көлікке сыйақы беру арқылы қабылдау қайта жалғасатын болды. Бұл туралы ӨКМ операторынан хабарланды.

Компанияның мәліметінше, Энергетика министрлігі эксплуатациядан шыққан транспорттық көлікті сатып алу туралы бағдарламаны жалғастыру үшін  қосымша квота бөлетін болды. Осылайша 2017 жылдың соңына дейін  12 мың көлік ақшалай компенсациямен қабылданады. Қабылдау шарты өзгеріссіз қалады.

Еске сала кетсек, елімізде былтыр басталған утилизациялау бағдарламасы бойынша ақшалай сыйақы беру тоқтатылған еді. Осы мемлекеттік бағдарламаға жауапты оператор – мұны Энергетика министрлігі бекіткен квота санының уақытынан бұрын игерілуімен байланыстырып: "Жуық арада министрлік квота беруді бекітетін болса ақшалай бағдарламаны ары қарай жалғастыратын боламыз", -  деп түсіндірген болатын "ӨКМ операторы" ЖШС өкілі Жомарт Рахымжан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу