Ескі тоңазытқыштың ішінен 5 жасар баланың денесі табылды

555

Баланың денесін анасы тапқан.

Ескі тоңазытқыштың ішінен 5 жасар баланың денесі табылды

2022 жылғы 8 тамызда Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында жеке үйдің ауласындағы Мир маркалы тоңазытқыштағы 5 жастағы баланың зорлықпен өлім белгілері жоқ мәйіті табылды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Әйелдің айтуынша, оның үш баласы көшеде ойнап жүрген. Бірақ кешке қарай үйге екеуі ғана оралған. Мұны білген әйел бір сағат бойы аудан бойынша кіші ұлын іздеген. Кейін үйінің ауласына кіріп, ескі жұмыс істемейтін тоңазытқыштың ішінен бүлдіршіннің денесін тапқан. Анасы жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде баланың өлімін тіркеді.

– Бұл кеңестік тоңазытқышта есіктің металл тұтқасында орналасқан автоматты құлыптау жүйесі бар. Егер сіз есікті итерсеңіз, құлып жабылып қалады. Тоңазытқыштың сыртындағы тұтқаны тартып алғанша тоңазытқышты ішінен ашу мүмкін емес, – деп хабарлайды Полиция департаментінің өкілі Дариға Мәжитова.

Сотқа дейінгі тергеу аясында баланың мәйітіне медициналық зерттеу тағайындалды. Аталған факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу