Ескі үлгідегі 500 теңгелік банкнот айналымнан алынады

906

 Аталмыш купюра 2006 жылы басып шығарылған еді.   

Ескі үлгідегі 500 теңгелік банкнот айналымнан алынады

Ескі үлгідегі 500 теңгелік банкнот ертеңнен бастап айналымнан алынады, деп хабарлайды Atameken Business.

Байтеректі бейнелеген мына теңгелерді енді автоматтар да қабылдамайтын болады. Ескі банкноттарды ауыстырмай жұмсаса, әкімшілік құқық бұзу болып саналады. Бірақ айналымнан шыққан теңгені екінші деңгейдегі банктер ертеңгі күннен бастап 12 ай ішінде, ал  Ұлттық банк филиалдары екінші деңгейлі банктердің қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталған соң тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды. Сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастайды. Ал, 2017 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар айналыста бола береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу