"Ескі жарақатының салдары": Ресейлік сарапшылар Салтанат Нүкенованың өлімі туралы

665

Олардың айтуынша, Салтанаттың өліміне 3-4 апта бұрын алған ескі гематомадан баста қан кетуі себеп болған. 

"Ескі жарақатының салдары": Ресейлік сарапшылар Салтанат Нүкенованың өлімі туралы Фото: әлеуметтік желіден

Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысында оның адвокаттары ресейлік сот-медициналық сарапшыларының Салтанаттың өліміне байланысты шығарған шешімін оқыды. Онда марқұмның ескі гематоманың салдарынан көз жұмғаны жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Бишімбаевтың адвокаттары сотта Мәскеу қаласындағы "Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің" ресейлік сот-медициналық сарапшыларының қорытындысын баяндады.

Ресейлік сарапшылар қазақстандық мамандардың Нүкенова бас миының ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болды деген тұжырымдарын жоққа шығарды. Олардың айтуынша, Салтанаттың өліміне 3-4 апта бұрын алған ескі гематомадан баста қан кетуі себеп болған. 

Сот Бишімбаев адвокаттарының өтініші бойынша шешім қабылдау үшін үзіліс жасап, кеңесу бөлмесіне кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу