Еліміздегі үлкен бөгеттердің 450-і бүгінде жөндеуді қажет етеді. Су ресурстары жөніндегі комитетте құрылған гидротехнологиялық құрылымдарды зерттеу бойынша жұмыс тобы осындай шешімге келді.
Жалпы еліміз бойынша мұндай нысандар саны 1700-ге жуықтайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері әуелі, коммуналды меншікке тиесілі гидроқұрылымдарға жөндеу жүргізу керек деп есептейді. Ведомство мамандары тиісті жұмыстарды іске асыруға қаржының тапшылығы қол байлау болып отырғанын айтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу