Ескірген рельстер рельс-дәнекерлеу кәсіпорындарында қайта өңделеді

2427

Жаз басталғалы "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісі бойынша 430 шақырымнан астам жол жөнделді.

Ескірген рельстер рельс-дәнекерлеу кәсіпорындарында қайта өңделеді

Жалпы биыл 770 шақырымдық жол жаңартылатын болады. Күрделі жөндеу Астана – Павлодар, Жезқазған – Қызылжар, Семей – Дегелең, Достық – Саяқ, Ақтөбе – Қандыағаш және Мақат – Шетпе учаскелерінде жүргізіледі, деп хабарлайды "ҚТЖ" баспасөз қызметі.

Өндірістік процестердің тиімділігін арттыру шеңберінде жолдың үстінгі қабаты материалдарын қайта пайдалануға мүмкіндік беретін ресурсүнемдеу технологиялары ендірілуде.

Мәселен, 600 айқастырма қалпына келтіріліп, алюминотермитті пайдалана отырылып, 2200 түйіспеге дәнекерлеу жүргізілді. 

"Біз шаруашылық тәсілімен 120 шақырымнан астам жолда орташа күшейтілген жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ рельстер мен рельс бунағын, рельс тірегін тұтас ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізудеміз", – дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ магистральдік желі дирекциясының жол және құрылғылар департаментінің менеджері Абзал Сабырханов.

Ескірген рельстерді рельс-дәнекерлеу кәсіпорындарында қайта өңдеп, бунақтарды жаңадан төсеу олардың пайдалану мерзімін 20% арттырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу