Ескірткі саудасымен айналысатын 3,5 мыңнан астам сайт жабылды

1025

Былтыр 5 мыңнан астам сайттың жұмысы тоқтаған.

Ескірткі саудасымен айналысатын 3,5 мыңнан астам сайт жабылды

ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Нұртай Әбілмәжіновтің айтуынша, жыл басынан бері ескірткі саудасымен айналысатын 3,5 мыңнан астам сайт анықталып, жабылған.

"Сарапшылардың айтуынша, марихуана, героин, ескірткі секілді дәстүрлі препараттар синтетикалық өнімдерге ауыстырыла бастады. Күнделікті өмірде оларды тұз, дәмдеуіштер және тағы басқа атаулармен атайды. Көп жағдайда мұндай өнімдер интернет, әлеуметтік желілер арқылы насихатталып, сатылады. Мұндай ресурстардың мекенжайлары тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттардың қабырғасына граффити сурет түрінде салынып, жазылады", – деді Нұртай Әбілмәжінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, осынау зиянды процесс елімізде қарқын ала бастаған. Мәселен, 2017 жылы ескірткі саудалайтын 430 сайт анықталып, жабылса, былтыр 5 мыңнан астам сайт жұмысын тоқтатқан. Ал жыл басынан бері 3,5 мың ресурс анықталып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу