Қазіргі уақытта екінші топтағы мүгедектігі бар жігіт жаяу курьер болып жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Давид аяғындағы қатты ауырсынуға байланысты тапсырысты кейде уақытында жеткізе алмай қиналады. Ол ата-анасынан ерте айырылып, баспанасыз қалған. Сол себепті, көбіне түнді автобус аялдамасында өткізуге мәжбүр.
– Мен жетіммін. Анам да, әкем де, үйім де жоқ. Маған өте қиын. Ата-анамды қатты сағындым, – деп мұңаяды Давид.
Бетперделі жігіт одан қандай арманын орындау керегін сұраған. Давид бірден үш дөңгелекті велосипед алғысы келетінін айтқан. Өйткені, оның көмегімен қала ішінде жүруі жеңілдейтінін жеткізген.
Десе де, "маска киген жігіт" Давидке өзі армандаған көлікпен қоса, ем-дом үшін қомақты қаражат табыстаған. Мұнан бөлек, жайлы пәтердің кілтін де берген.
Бір ай бұрын ғана бетперделі жігіт көзі көрмейтін ер адамның отбасына пәтер сыйлаған еді.