Эстония енді Ресей емес, Қазақстаннан жүк алуға ниетті

1226

Эстонияның Operail деген мемлекеттік теміржол компаниясы санкцияларға байланысты Ресей тауарларын тасымалдай алмайды. Енді Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстаннан жүк жеткізбек.

Эстония енді Ресей емес, Қазақстаннан жүк алуға ниетті

Бұл туралы компания басшысы Рауль Тоомсалға ERR телеарнасына айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Газета.ru басылымына сілтеме беріп.

"Былтыр айына орта есеппен 1,2 млн тонна жүк тасымалдадық. Осы жылдың бірінші жартысында, әсіресе маусым айында жүк тасымалы өте қатты төмендеп кетті. Қазір айына 500 мың тоннадан аз тасымалдаймыз", – деді Тоомсалу.

Оның айтуынша, Ресейге қарсы шектеу шараларына байланысты Эстония теміржолымен жүк тасымалдау көлемі 60%-дан астамға азайды. Компания тоқтап тұрған жылжымалы құрамды іске қосу үшін Орталық Азия елдері: Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстаннан жүк іздестіріп жатыр.

Operail басшысы Орталық Азия елдерінің арасында Қазақстанның әлеуеті зор екенін айтты. Тауарды Балтық дәлізі мен Финляндия арқылы тасымалдауға болады. Сол жерден көмір тасуға болады. Дегенмен Ресей өзінің темір жолы арқылы Эстонияға бара жатқан вагондарды кез келген сәте тоқтатып тастай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу