Эстония Ресей Федерациясымен шекарада толық кедендік бақылауды енгізеді

192

Аталмыш шара 8 тамыз күні өз күшіне енеді. 

Эстония Ресей Федерациясымен шекарада толық кедендік бақылауды енгізеді Фото: Українська правда

Эстония билігі Ресей шекарасында тексеру шараларын күшейтуге ниетті. Бұл туралы республика Сыртқы істер министрі Маргус Цахкна Х әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Эстония Ресеймен шекарада толық кедендік бақылауды енгізеді", — деп жазды СІМ басшысы.

Шара 8 тамыздан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Эстония Ресей Федерациясымен шекарада Еуропалық одақтың Ресейге қарсы санкцияларына жататын тауарлардың қозғалысын бақылауды күшейту туралы жарияланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу