Эстония Ресейден келген азаматтарға қатысты кедендік бақылауды күшейтті

218

Тиісті талап жүктерге де қатысты болмақ. 

Эстония Ресейден келген азаматтарға қатысты кедендік бақылауды күшейтті Фото: РБК

Эстония үкіметі 8 тамыздан бастап Ресейден келетін азаматтар мен жүктерге қатысты толық кедендік бақылауды енгізді. Осыған дейін бұл талап тек таңдау негізінде жүргізілетін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Eadaily-ге сілтеме жасап.

Енді шекараны жаяу кесіп өтетін саяхатшылар мен олардың багажы тексерілетін болады. Егер адам шекарадан көлікпен өтсе, онда көлік құралдарының өзі де, ішіндегі заттар да тексеріске ұшырайды.

Эстония премьер-министрі Кристен Михал бұл Нарва, Койдул және Лухамаа шекаралық бекеттеріне қатысты екенін мәлімдеді. Тиісті талап Эстония республикасы арқылы санкцияланған тауарларды тасымалдауды тоқтату үшін жасалып жатыр. Сөзінше, кедендік бақылауды күшейту туралы шешім "санкцияларды сақтамау және тыйым салынған тауарларды тасымалдау әрекеттерімен" байланысты.

Толық кедендік бақылауды қолдану шекарадан өту уақытын ұлғайтып, оны кесіп өтетін адамдардың санын азайтады. Эстония үкіметі осындай болжам жасап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу