Эстония Ресеймен арадағы шекарасын жауып тастауы мүмкін

572

 Қазір Таллин Койдула атты кеден бекетін жауып тастау мәселесін қарастырып жатыр. 

Эстония Ресеймен арадағы шекарасын жауып тастауы мүмкін Фото: бейнеден скриншот

Елдің ішкі істер министрі Лаури Ляэнеметстің пікірініше, елдің шығысындағы шекарадан өтушілер саны 50%-ға азайған. Ал ресейдің агрессиялық саясатын ескерсек, алдағы уақытта жағдай өзгермейді дейді.

Өткен жылдың тамыз айында Эстония елге шенген визасы арқылы келетін туристерді қабылдаудан бас тартқан. Ал қыркүйектен бастап Латвия, Литва және Польшамен бірігіп, Шенген келісіміндегі қай елдің болсын визасымен кіргізбейтін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу