Эстонияда қоғамдық көлікпен жүру тегін болады

791

Эстонияда қоғамдық көлікпен жүру тегін болады

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Эстонияда қоғамдық көліктің барлық түрінде жолақы төленбейді, деп хабарлайды World Economic Forum-ға сілтемемен turkystan.kz. 

Бес жыл бұрын ел астанасы Таллин тұрғындары референдум кезінде биліктің эксперементалды тегін жол жүру бастамасын қолдаған. Алайда мұндай игілікке тек қала тұрғындары ие, бұл екі еуроға сатып алынған арнайы "гринкарта" арқылы жүзеге асады. Енді бұл тәжірибе елдің өзге аймақтарында да қолданылады екен. 

"Ақысыз көлікті қолдана бастағалы бері біз шығындалған сомадан екі есе артық пайда көрдік", - дейді Таллиндегі Еуроодақ кеңсесінің төрағасы Аллан Алакюла.

Көліктің тегін болуы тұрмысы төмен тұрғындар мен қатар қалталы азаматтарға да пайдалы болып шықты. Қалада мейрамханалар, кафе мен дүкендерге келушілер саны артқан. Қаладағы көліктің тоқтаусыз ағыны азайған. 

Қазіргі таңда Эстонияның 15 округі 1 шілдеден бастап мемлекеттік бағдарлама бойынша қоғамдық көлікті тегін етуге дайын екендігін білдірді. Ал қалған аймақтарда әлі шешім қабылданған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу