Эстонияда Ресей мүддесі үшін тыңшылық еткен профессор ұсталды

669

Профессор қамауға алынған соң институтпен арадағы еңбек шарты бұзылған.

Эстонияда Ресей мүддесі үшін тыңшылық еткен профессор ұсталды Фото: ut.ee

Тарту университетінің профессоры, Ресей азаматы Вячеслав Морозов 3 қаңтарда ресейлік барлау қызметімен ымырада деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Эстонияның ұлттық хабар тарату компаниясына (ERR) сілтеме жасап.

Тарту университетінің Шютте институты саясаттану профессоры болып жұмыс істеген Морозов қамауға алынған соң оның еңбек шарты бұзылғанын хабарлаған.

Қазір Вячеслав Морозов Таллин түрмесінде.

Эстонияның қауіпсіздік полициясы Морозов барлау қызметімен айналысты деген күдікке ілінгенін айтты. Күдіктердің сипаты туралы егжей-тегжейлі ештеңе айтылмайды.

 "Ресейлік барлау қызметі Эстонияның әртүрлі салаларына, соның ішінде ғылыми салаға енуге талпынып жатқанын көріп отырмыз", - дейді Қауіпсіздік полициясының басшысы Маргот Пэллосон.

2010 жылға дейін Вячеслав Морозов Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде жұмыс істеген, 2010 жылдан бастап Эстонияда тұрып, жұмыс істей бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу