Эстонияда сусын таситын дрондар сынақтан сәтті өтті

917

Эстонияда сусын таситын дрондар сынақтан сәтті өтті

Эстонияда сусындарды тұтынушыларға өздігінен жеткізіетін дрондарды сынақтан өткізу сәтті аяқталды, деп хабарлайды 24.kz.

Мұндай қызмет көрсету түрі болашақта бәріне қолжетімді болуы мүмкін. Елдің оңтүстігінде орналасқан Вильянди қаласында демалушыларға жаз бойы дрондар сусын тасиды. Бірақ тапсырыс тұтынушыға дейін жетпейді. Арнайы бекетке барып, сусынды алып кету керек.

"Шынында  сусынды жеткізу - тасымалдаудың ең қымбат сатысы. Өзіміз өткізген сынақ көрсеткендей, тауарды жеткізу қызметінде дрондар әлдеқайда тиімдірек болады екен. Орташа есеппен алғанда дронға кеткен шығын курьерге төленетін қаражаттан бес есе кем", - деді Cleveron компаниясының қызметкері Михкел Илп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу