Эстонияда Зеленскийге құмнан ескерткіш тұрғызылды

1152

Эстония Премьер Министрі Каллас Бостандық мүсініне ұқсас Зеленский ескерткішінің суретін әлеуметтік желіде жариялады.  

Эстонияда Зеленскийге құмнан ескерткіш тұрғызылды Фото: Bloknot.ru

Эстонияда Бостандық ескерткішіне ұқсас Владимир Зеленскийге арналған ескерткіш пайда болды. Фотосуретті Балтық елінің премьер-министрі Кая Каллас Twitter-де жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

"Украинаны эстондықтардың қолдауы мызғымас, мұны Эстонияның барлық жерінде байқауға болады. Тырвадағы жергілікті тұрғындар ортасында Президент Зеленскийдің монументалды құм мүсіні орналасқан Украинаға арналған "Бостандық саябағын" құрды", — деп жазды ол.

Зеленский Бостандық мүсіні түрінде бейнеленген. Оң қолында алау жоқ, оның орнына жұдырық мүсінделген. 

Бұған дейін америкалық конгрессмен Уилсон Зеленскийдің бюстін Капитолий ғимаратына орнатуды ұсынған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу