Эстониядан Финляндияға тартылған газ құбырын жөндеу бірнеше айға созылады

494

Жөндеу жұмыстары қысқа дейін созылуы мүмкін. 

Эстониядан Финляндияға тартылған газ құбырын жөндеу бірнеше айға созылады Фото: РБК

Финляндия мен Эстония арасындағы Balticconnector газ құбырын қайта іске қосу үшін бірнеше ай қажет болады, деді Gasgrid Finland оператор компаниясының басшысы Янне Грёнлунд Demokraatti басылымына, деп жазады inbusiness.kz.

Газ құбырын тексеру үшін тиісті рұқсаттарды алып, жабдықты дайындау қажет, деді Грёнлунд; бұл бірнеше күнді алады. Газдың нақты қай жерден аққаны белгісіз, сондықтан Gasdrid Finland басшысы бұл тақырып бойынша байбалам салып, алдын ала болжам жасағысы келмейтінін айтты.

"Бізде әзірге апаттың неден болғанын анықтау үшін жеткілікті ақпарат жоқ", - деді ол.

Грёнлунд 8 қазанға қараған түні құбырдағы қысым күрт төмендегенін айтты; мұны байқаған компания қызметкерлері бірден құбыр клапандарын жапты. Жөндеу жұмыстары қыстың соңына дейін созылуы мүмкін, дейді компания басшысы. Ол Gasdrid Finland-тің қаржылық шығындары сөз етпеді, қазір "басты назар қажетті шараларды қабылдауға және құбырды пайдалануға қайтаруға" бағытталғанын атап өтті.

Оқиға Финляндияға газ жеткізіліміне қалай әсер ететіні туралы сұраққа Грёнлунд олардың қазір INKOO қалқымалы СТГ терминалы арқылы қамтамасыз етіліп жатқанын айтты. Терминалда "алдағы қысқы маусымда тұтыну көбейген кезде де қажетті газ көлемін жеткізуге барлық жағдай жасалған", - деп сендірді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу