Шыны және алюминий өнімдерін өндіретін эстониялық Windoor компаниясы Вашингтонда Дүниежүзілік банк жанындағы Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталығының (ИДРХО) (The International Centre for Settlement of Investment Disputes- ICSID) төрелік сотына Қазақстан үкіметі үстінен талап-арыз түсірді. Оның арызы бойынша Стокгольмнің төрелік соты үш жыл бұрын қазақстандық фирмаға белгілеген 23 млн евро көлеміндегі өтемақы өндірілуі керек, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Windoor-дің басшысы Майлис Линтлдің айтуынша, 14 қыркүйекте берілген арыз қабылданып, қазір істі қарау басталған. Компания Қазақстанды Эстониямен жасалған инвестицияны ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімді бұзды деп есептейді. Windoor басшысы компанияның мәселені екі жылға жуық басқаша жолмен шешуге тырысқанын, алайда нәтиже бермеген соң сотқа жүгінуге мәжбүр екендігін айтады.