Есжан Біртанов "Қазақстандық тұрақтылық қоры" директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды

775

"Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ әділет органдарында 2017 жылдың 11 қыркүйегінде тіркелген, оның жал ғыз акционері – Қазақстан Ұлттық банкі.

Есжан Біртанов "Қазақстандық тұрақтылық қоры" директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды

Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Есжан Біртанов "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды, деп хабарлады компания.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес,  "Қазақстандық тұрақтылық қоры"  директорлар кеңесі бұрынғыдай үш адамнан тұрады: Директорлар кеңесінің төрағасы - Есжан Біртанов, Директорлар кеңесінің мүшесі Ерболат Оспанов және тәуелсіз директор - Джованни Капаннелли.               

"Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ әділет органдарында 2017 жылдың 11 қыркүйегінде тіркелген, оның жалғыз акционері - Қазақстан Ұлттық банкі. Қордың негізгі мақсаты - екінші деңгейлі банктерді қаржылық қолдау, сондай-ақ тұрғын үй ипотекалық несиелерін (ипотекалық несиелер) қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы банк секторының қаржылық тұрақтылығына ықпал ету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу