Есжан Біртанов ТҮҚЖБ директорлар кеңесінің мүшесі болды

682

Есжан Біртанов  ТҮҚЖБ директорлар кеңесінің мүшесі болды

Есжан Біртанов  "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы  Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі хабарлады.
Облигациялары (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына директорлар кеңесінің құрамы 2018 жылдың 31 қаңтарынан бастап өзгергені туралы биржаға хабарлады.
Есжан Амантайұлы Біртанов 1975 жылы 01 шілдеде туылған. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 
2005-2012 жылы ҚР Ұлттық банктің монетарлы операция департаменті директорының орынбасары, 2012-2014 жылы "Ұлттық банктің Ұлттық инвестициялық корпорациясын" басқарған. Бұдан кейін де бірнеше лауазымды қызметтерді атқарған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу