Кім кімді алдап жүр сонда? Әсіре әспеттелген әдемі цифраларға сеніп, ертең жер сипап қалмаймыз ба?
Картоптың мәселесін мысалға келтірсек те болады. Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров "бізде картоп жеткілікті, тіпті экспорттауға да қауқарлымыз" деп шаң жуытпады. "Делдалдар мен супермаркеттер бағаны негізсіз өсірді" деп айдап салған еді. Нәтижесі не болды? Сатылған тауарды сырттан 3 есе қымбат бағаға қайтадан сатып алдық. Бұған менің сөзім жоқ.
Хош, енді еттен есімізді жиямыз ба? Шындыққа тура қарайтын кез жетті ме?
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу