Ет одағы: Тірі малды экспорттауға қайта рұқсат берілсін

1340

Қазақстан ет одағының басшысы Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша, қаржылық тұрғыдан да мұздатылған еттен гөрі, тірі малды сату анарғұрлым тиімді.

Ет одағы: Тірі малды экспорттауға қайта рұқсат берілсін

Тірі малды қайта экспорттауға рұқсат берілмесе, Қазақстаннан шығарылатын етке мүлдем сұраныс болмай қалады. Әсіресе, негізгі тұтынушы саналатын – Қытай нарығынан айырылып қалауымыз мүмкін. Қазірдің өзінде оған Бразилия, Аргентина және Австралия бастаған мұхиттың арғы жағындағы мемлекеттер экспортын ұсынып, кезекте тұр. Тікелей порт болғандықтан оларға транспорт жағынан да тиімді. Ал бұдан ең бірінші отандық 25 мың шаруа қожалығы тықырға отырмақ.

Қазақстан ет одағының басшысы Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша, қаржылық тұрғыдан да мұздатылған еттен гөрі, тірі малды сату анарғұрлым тиімді. Себебі төрт түліктің етінен бөлек, оның ішкі құрылысы мен терісін де есепке алып, сатуға болады. Мәселен, бүтін ірі қараның құны 1 мың доллардан асады. Ал сойып сатса, бағасы 2 есеге арзаға шықпақ. Оның үстіне, Қазақстада сүйекті қойып, ішек-қарынды да  өңдейдін зауыт жоқ. Сондықтан еттен өзгесі әдетте қоқысқа жіберіледі. Толығырақ Atameken Business-те:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу