Ет өніміне күшейтілген бақылау енгізілді

831

Бірқатар өңірде сауда орындарында сәйкес келмейтін өнімдер анықталды.

Ет өніміне күшейтілген бақылау енгізілді

ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ағымдағы жылдың 7 айында өнімнің қауіпсіздігіне жүргізген мониторингінің нәтижелері бойынша "Омский бекон" АҚ, "Микояновский мясокомбинат" ЖАҚ, "Царицыно" ААҚ және "Курников" АӨК ЖШҚ өндірушілеріне қатысты ет өніміне күшейтілген зертханалық бақылау енгізді, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Осы уақыт ішінде бірқатар өңірде сауда орындарында сәйкес келмейтін өнімдер бірнеше рет анықталды.

Мысалы, "Омский бекон" АҚ-ы "Популярная", "Бутербродная", "Южная", "Сельская", "Заречная", "Походная"  шұжық өнімдерінде натрий нитриттерінің массалық үлесін 2-3 есеге, левомицетинді 1-2 есеге арттыруға, сондай-ақ микробиологиялық көрсетікштер бойынша бұзушылыққа жол берілген.

"Микояновский мясокомбинат" ЖАҚ өндірісінің "Южные" және "Сытные" сосискаларында  натрий нитриттерінің үлес салмағы артқаны анықталған,  патогенді микрофлора және ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталған.

"Царицыно" ААҚ-ның шұжық өнімдерінде ("Утренние" сосискалары)

стафилококк анықталған. "Русская"  шұжығында натрий нитриттерінің массалық үлесінің артуы,  "Утренние" және "Бистро" сосискаларында  патогендік жұқтыру анықталған.

"Курников" АӨК ЖШҚ-ы өндірісінің "Натуральный", "Крестьянский", "Хуторской" тартылған еттері және "Премиум" жартылай фабрикаты тамақ өнімдері қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сәйкес келмейді.

Әрбір факті бойынша өнімнің сәйкес келмейтін партиясын алып тастау жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді.

Бүгінгі күні еліміздің уәкілетті органынан және өндірушілердің өздерінен олардың тиісті іс-шараларды жүргізетіні туралы хабарламалар алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу