Ет пен ет өнімдері тек бір айда 2% өсті

1303

 Өндіріс көлемі бір жылда 4%-ға артты.  

Ет пен ет өнімдері тек бір айда 2% өсті

2021 жылғы қаңтар-шілдеде елімізде 193,2 мың тонна ет өнімдері өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,3% жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Өңірлік жағдайда ет өнімдерінің көп бөлігі Алматы облысында өндірілді: 53,5 мың тонна, (-2,7%).  Екінші және үшінші орындарды Ақмола 47,1 мың тонна (+42,7%) және Шығыс Қазақстан 25 мың тонна, (-4,3%).

Анықтама үшін: 2020 жылы шаруалар 2019 жылға қарағанда 2,7% -ға аз ет өндірді - 295,4 мың тонна. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар ет өнімдеріне сұранысты (ішкі нарықтағы сату мен экспортты қоса) 87,8% қанағаттандырды. Бір жыл бұрынғы 85,8% болатын.

Импорт үлесі тиісінше 12,2%-ды құрады. Импорттаушылар елге 76,6 мың тонна ет өнімдерін әкелді, бұл 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 10,2% -ға аз. Ішкі нарықта 609,7 мың тонна ет өнімдері сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,2%-ға көп.

2021 жылдың қаңтар-маусымында елге 102,5 млн долларға ет өнімдері жеткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,1%-ға аз. Барлық заттай өнімдердің 51%-ы ТМД елдерінен әкелінді: 69,8 млн долларға 39,1 мың тонна.  Қазақстанға импорт бойынша көшбасшылар - Ресей (17,3 мың тонна), Беларусь (13,3 мың тонна) және Украина (8,5 мың тонна). Ет өнімдері импортының қалған 49%-ы алыс шетелдерге тиесілі: 37,6 мың тонна 32,6 млн долларға негізгі импорттаушы АҚШ болды: 34,4 мың тонна өнім.

Биылғы жылдың шілде айының соңында ет өнімдерінің бағасы бір айда 2,1% -ға және бір жыл ішінде 8,6%-ға жоғарылады. Ел өңірлері арасында бағаның артуы Маңғыстау облысында және Шымкентте бірден байқалды - бірден 14%. Бағаның айтарлықтай өсуі Түркістан (12,7%) және Ақмола (10,2%) облыстарында да тіркелді.

Қой еті бір жылда 16%-ға қымбаттады, әр келі үшін 2,3 мың теңгеге дейін.  Жылқы етінің бағасы 9,4%-ға, 2,5 мың теңгеге дейін, шошқа еті - 8%-ға, 1,8 мың теңгеге дейін, сиыр еті - 7,7%-ға, 2,2 мың теңгеге, құс етіне - 7,6%-ға, 999 теңгеге дейін өсті.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу