Ет жақындарымен бірге қаржы жымқырған

1171

Атырауда мектеп директоры мен оның орынбасары мемлекет қаржысын жымқырып келген.  

Ет жақындарымен бірге қаржы жымқырған Фото: inbusiness.kz

Білім ордасына туыстарын тіркеп қойған олар, жақындарының шотына ай сайын еңбекақы аударып отырыпты. Сөйтіп ұл-келіні, қызы мен күйеу баласы арқылы барлығы 7 адамның ақшасын қалталарына басқан.

Осы уақытқа дейін 23 млн теңгені жеке мақсаттарына қолданыпты. Мемлекеттік қызметшілердің жымысқы әрекеті жергілікті антикор талдауы кезінде әшкере болды. Тексеріс әлі аяқталмағандықтан, заңды белден басқандарға әзірге еш шара қолданылған жоқ. Екеуі де қызметтерін жалғастырып жатыр. Құзырлы орган өкілдері дәл осындай факті қаладағы өзге мектептерде де болуы мүмкін дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу