Ет және ет өнімдері 17% қымбаттады

Құс етінің бағасы 15%-ға, шұжық өнімдерінің бағасы 22%-ға өсті. 

Ет және ет өнімдері 17% қымбаттады Фото: dknews.kz

2022 жылдың желтоқсан айының соңында ет өнімдерінің бағасы бір жылда 16,6%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Бағаның ең жоғары өсуі Маңғыстау облысының тіркелді: жылына 22,6%. 

Одан кейін Павлодарда (+21,7%) және Солтүстік Қазақстанда (+21,5%) жоғары өсім тіркелді.

Ең аз жылдық баға өсімі Ұлытау облысында байқалды: +9,7%.

Ет пен құс еті жылдық динамика бойынша 15,4%-ға, шұжық өнімдері 22,2%-ға, ет өнімдері 15,9%-ға өсті. 

Ет өнімдерінің ішінде құс еті – 29,4%-ға, жылқы еті – 16,7%-ға, шошқа еті – 14,3%-ға, қой еті – 12,9%-ға, сиыр еті – 10,1%-ға қымбаттады. 

Шұжық өнімдерінің ішінде пісірілген шұжықтар 23,6% бағасы, жартылай ысталған шұжықтар бағасы 22,2% артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу