Еске сала кетсек, 17 тамызда Йемен көтерілісшілері Шайба деп аталатын кен орнына шабуылдаған болатын. Сауд Арабиясындағы Aramco компаниясының айтуынша, салдарынан өндіріске аса қатты залал келмеген, кішігірім өрт болған.
Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 1,4 пайызға қымбаттап, баррелі 59,43 доллар болды. Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қыркүйектегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1,2 пайызға көтеріліп, барреліне 55,51 долларды құрады.
Таяу Шығыстың энергетикалық нышандары мен танкерлеріне жасалған шабуыл мұнай бағасының тұрақталуына уақытша оң әсерін беріп отыр. Дегенмен, әзірше мұнайдың шамадан тыс жеткізілуі нарықты қатты алаңдатып отыр. Ресми дерекке сүйенсек, Саудия ОПЕК-ке мүше елдерді шикізат өндірісін әлі де қысқартуға көндіріп жатыр.
Айта кетейік, шабуыл жасалған Шайба кен орны күніне шамамен 1 миллион баррель мұнай өндіреді. Бұл Сауд Арабиясының Aramco деп аталатын компаниясы өндіретін "қара алтынның" 10 пайызын құрайды.
Табиғат Нұрболат