Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың қыркүйектегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:15-тегі бағасы $0,11 (0,15%) көтеріліп, барреліне $73,32 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Жұма күні контракт $0,24-ға (0,33%) төмендеп, $73,21 құраған еді.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,20 (0,29%) қымбаттап, барреліне $68,69 құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу