Эталон маркалы "қара алтын" бағасы арзандады

716

Мұнай бағасы өткен аптаның соңында Сауд Арабиясы шикізат экспортын қыркүйекте шектейтінін мәлімдегеннен кейін көтерілген еді. 

Эталон маркалы "қара алтын" бағасы арзандады

Дүйсенбіде эталон маркалы "қара алтын" бағасы арзандады. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың келесі айға белгіленген Қытаймен сауда келіссөздерінің кейінге шегерілгенін жариялауы түрткі болды. Яғни қос тараптың жақын арада ымыраға келмеуі әлемдік экономиканың өсіміне кері әсерін тигізеді. 

Мұнай бағасы өткен аптаның соңында Сауд Арабиясы шикізат экспортын қыркүйекте шектейтінін мәлімдегеннен кейін көтерілген еді. 

Oanda Corp. сарапшысы Альфонсо Эспарза: "Сауд Аравиясы мұнай бағасының құлдырауын тежеу үшін барын салып жатыр. Бұл шараның немен аяқталатыны белгісіз, өйткені ұзаққа созылып кеткен сауда соғысы нарықтың қалпына келуіне жол бермей отыр",– дейді. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0.4 пайызға арзандап, баррелі 58,30 доллар болды. Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қыркүйектегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 25 центке төмендеп, барреліне 54,25 долларды құрады.

Айта кететін жайт, Сауд Арабиясының билігі келесі айдан бастап Saudi Aramco компаниясы күніне 7 миллион баррель өндіретінін жариялады. Шенеуніктердің айтуынша, бұл бұрынғы сұраныс көлемінен 700 000 баррельге аз.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу