Инвесторлар қазір мұнай құнын соңғы екі айдағы ең жоғарғы деңгейде ұстап отыр. Олар әлі де Қытай мен АҚШ арасындағы сауда келісімін күтуде.
Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 14 центке көтеріліп, баррелі 63,53 доллар болды.
Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 9 центке қымбаттап, барреліне 57,86 долларды құрады.
24 қарашада Қытай билігі зияткерлік меншік құқығын қорғау мақсатында мұндай құқықты бұзғандарға айыппұл салатынын мәлім еткен еді. Бұл мәселе АҚШ-пен арадағы шиеленісті шешудегі ең негізгі қадамдардың бірі. Ал Трамп болса, 22 қарашада сауда келісімінің аяқталуына сәл қалғанын, оған жетуде Гонконг мәселесінің шешуші фактор екенін жариялаған еді.
"Мұнай бағасы осы аптада шарықтауы мүмкін, өйткені Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда келіссөздеріне қатысты жағымды жағалықтар жариялануда", – дейді AxiTrader аналитигі Стивен Иннес.
Табиғат Нұрболат