Эталон маркалы "қара алтын" бағасы өсті

881

Эталон маркалы "қара алтын" бағасы өсті

АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің пайыздық мөлшерлемені төмендетпек. Бұл мұнай бағасының көтерілуіне ықпал етіп отыр. Дегенмен Ормұз бұғазына қатысты дау нарықтың алға басуына айтарлықтай кедергі келтіруде. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қыркүйегіндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 1,01 долларға көтеріліп, баррелі 64,72 доллар болды. Ал Нью-Йорк биржасында тамыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1,18 долларға өсіп, барреліне 58,05 долларды құрады.
АҚШ-тың мұнай қорының тұрақты түрде азаюы сұранысқа қатысты күдікті сейілтіп отыр. Ресми дерекке сүйенсек, мұнайдың ішкі қоры 6,02 миллион баррельге қысқарған. Bloomberg сарапшылары бұған дейін "3 миллион баррельге азаяды" деп топшылаған болатын. 

Сәрсенбіде Ақ Үй басшысы Дональд Трамп өзінің Твиттердегі парақшасында Қытайды сынға алып, мұнай бағасы біраз тұрақтап қалған болатын. Ол Бейжіңнің бірқатар шартты орындамай отырғанын басып айтты. 

"Қытайдың қазіргі экономикалық жағдайы өте нашар.Олар біздің ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу керек болатын, бірақ олай жасамады. Өйткені Қытай экономикасының бұл шартты орындауға қауқары жетпеді. АҚШ экономикасы Қытайдыкіне қарағанда соңғы үш жылда әлдеқайда күшейді",– деп жазды Дональд Трамп. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу