Эталон маркалы мұнай қымбаттады

1097

Brent сұрыпты мұнай баррелі 58,82 доллар болды.

Эталон маркалы мұнай қымбаттады

"Қара алтын" бағасы жұма күні сәл өсті. Дегенмен Қытайдың қыркүйек айына белгіленген америкалық баж салығына жауап қайтаратыныны туралы ақпарат нарықтың тұрақталуына кедергі келтіріп отыр. Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп бірқатар қытайлық тауарға 10 пайыздық салық салуды кейінге шегеретінін мәлімдеген болатын. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 1 пайызға қымбаттап, баррелі 58.82 доллар болды. Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қыркүйектегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1.1 пайызға көтеріліп, барреліне 55.08 долларды құрады.

Осы айда мұнай бағасы тұрақсыздық танытып отыр. Бұған негізгі екі фактор: сауда текетіресі мен Сауд Арабиясының шикізат құнының құлдырауын тоқтатуға бағытталған шаралары ықпал етуде. 

Вашингтонның бағасы 300 млрд доллар тұратын қытайлық тауарларға 10 пайыздық салық салуы қос тарап арасындағы жағдайды ушықтырып жіберді. Дегенмен Трамп жақын арада Қытай басшысы Си Цзиньпинмен осы мәселе жайында телефон арқылы сөйлесетінін мәлімдеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу