Эталон маркалы мұнай бағасы 68, 80 доллар болды

680

Қазір мұнай нарығында құбылмалылық сақталуда.

Эталон маркалы мұнай бағасы 68, 80 доллар болды

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,3%-ға көтеріліп, баррелі 68.80 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0.9%-ға қымбаттап, барреліне 62.34долларды құрады.

"Қара алтын" бағасының шарықтауына ұшқышсыз басқарылатын әскери аппараттардың Сауд Арабиясының "Сауди Арамко" кәсіпорнына сенбі күні жасаған шабуылы себеп болған. Шабуылды йемендік бүлікші хуситтер тобы мойнына алды. Ресми дерек бойынша, эталон маркалы мұнай құны 19 пайызға дейін шарықтап кеткен болатын.

Осыдан кейін әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілердің бірі саналатын Сауд Арабиясы шикізат өндірісін екі есе, яғни 9,8 млн баррельден 5,7 млн баррельге қысқартқан. 

Citigroup дерегіне сүйенсек, шабуыл жасалған нысанды қалпына келтіру жыл соңына дейін аяқталмауы мүмкін. Банк өкілдерінің айтуынша, қазір Сауд Арабиясының мұнай саласы қиын жағдайды бастап кешіріп отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу