Эталон маркалы мұнай бағасы көтерілді

917

Сауд Арабиясының жаңа мұнай министрі өндіріске қатысты саясатты жалғастыра беретіндігі мен  АҚШ шикізат қорының азаюы қара алтын бағасының өсуіне себеп болып отыр. 

Эталон маркалы мұнай бағасы көтерілді

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,5 пайызға көтеріліп, баррелі 62,87 доллар болды.

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0,5 пайызға қымбаттап, барреліне 58,14 долларды құрады.

Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда тартысының кесірінен мұнай құны сәуір айынан бері 10 пайызға кеміген. Халықаралық энергетика агенттігі мұнайға деген әлемдік сұраныс өсіміне қатысты болжамды төмендетіп отыр. Energy Aspect сарапшыларының пікірінше, сауда дауы салдарынан шикізаттың бір баррелі15 долларға азайған. 

Mitsubishi UFJ Research and Consulting экономисі Томомичи Акутаның болжамынша, алдағы алты айда мұнай құнының ауытқу шегі 50 доллар төңірегінде болуы мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу