Эталон маркалы мұнай бағасы қымбаттады

1213

Brent баррелінің құны 34 долларға, WTI баррелінікі 27 долларға жетті.

Эталон маркалы мұнай бағасы қымбаттады

Лондондағы ICE биржасының саудасы бойынша, 2020 жылғы маусым айындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай бағасы шамамен 3 пайызға көтеріліп, 34 долларға жетті. Ал WTI cұрыпты мұнай құны 4 пайызға қымбаттап, 27 доллар болды.

Шикізат бағасының былай қымбаттауына ОПЕК+ елдерінің видео конференция форматында кездесу өткізуі түрткі болған. Онлайн отырыс 6 сәуірде өтуі тиіс болатын, бірақ 9 сәуірге шегерілді. 

Ескере кететін жайт, Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы мәмілеге негізделген ОПЕК+ келісімінің күші 31 наурызда жойылған болатын. Бұл құжат мұнай бағасын 60 доллар деңгейінде ұстап тұруға көп септігін тигізген еді. Бірақ қос тарап арасындағы келіспеушіліктерге байланысты, яғни екі елдің "қара алтын" бағасына қатысты ортақ шешімге келе алмауына байланысты мұнай нарығы құлдырап кетті. Бұған сондай-ақ коронавирус пандемиясы да әсер етті. 

Еске сала кетсек, өткен аптада Ақ үй басшысы Дональд Трамп нарықтағы тұрақсыздықты реттеу үшін Ресей мен Сауд Арабиясын ымыраға келтіретінін жария еткен еді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу